Чемпиондар Лигасы. «Бавария» «Ювентустен» айласын асырды

Чемпиондар Лигасы. «Бавария» «Ювентустен» айласын асырды

Чемпиондар Лигасының ширек финалы аясында «Альянс Аренада» туриндік «Ювентус» командасын қабылдаған мюнхэндік «Бавария» командасы 2-0 есебімен жеңіске жетті.

Ойын өте ширақ басталды. Төрешінің ысқырығы естілгеннен соң небәрі 23-секунд өткенде «Баварияның» аустриялық қорғаушысы Давид Алаба Буффон қорғаған қақпаның осал тұсын тапты.

Одан кейін де мюнхэндіктер шабуылдарын тоқтатқан жоқ. Рибери мен Манджукичтің қарсылас қапасына бір емес бірнеше мәрте гол соғатын мүмкіндігі болды. Ал кездесудің 16-минутында немістердің орталық алаң ойыншысы Тони Кросс жарақатына байланысты алаңдағы орнын Арьен Роббенге босатып берді. Алаңғы шыға салысымен Роббен де бірнеше мүмкіндіктерді мүлт жіберді.

Екінші таймда да матчтың сценарийі өзгерген жоқ. Толассыз шабуылда тек Юпп Хайнкес жаттықтыратын «Бавария» болды. Нәтижесінде кездесудің 63-минутында Томас Мюллер әріптесінің пасын дер кезінде пайдаланып, есепті 2-0 жеткізді.

Жағдайдың тым ушығып кеткенін байқаған Антонио Конте алаңға екі бірдей шабуылшы шығарған болатын. Дегенмен тыңнан шыққан Мирко Вучинич пен Себастьян Джовинкода командасына көмектесе алмады. Қорытынды есеп 2-0 мюнхэндіктердің пайдасына.

Керек-дерек: Кездесудің 23-секундында Давид Алабаның салған добы бұл доданың плей-оффтық кезеңдегі ең жылдам соғылған голдардың тізімінде екінші орында. Ал бірінші орын «Баварияның» экс шабуылшысы Рой Макайдың еншісінді. Ол «Реалдың» қақапасына 10-секундта соққан екен. Сондай-ақ бұл «Бавария» мен «Ювентустың» плей-оффтық кезеңдегі алғашқы кездесуі болды. Ал жалпы тарихта бұл командалар ертеректе жазғанымыздай 6 рет жолыққан. Бұл «Баварияның» екінші жеңісі болатын. 

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: www.football.by 

Ю. НИКУЛЛИН