Бауыржан Исламхан «Кубань» сапындағы алғашқы кездесуін өткізді

Бауыржан Исламхан «Кубань» сапындағы алғашқы кездесуін өткізді

Футболдан Қазақстан жастар құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан Ресей біріншілігінде өнер көрсететін «Кубань» командасының сапында өзінің алғашқы кездесуін өткізді. Бұл туралы Красноярлық команданың ресми сайты хабарлайды.

Мәліметке сүйнетін болсақ, «Кубань» өзінің оқу-жаттығу жиындары барысында Ресей біріншілігінің екінші дивизионында ойнайтын «Торпедо» командасымен жолдастық кездесу өткізген. Бұл матчтың екінші таймында қазақ футболының жанкүйерлері көптен күткен Бауыржан  Исламхан алаңғы шықты. Ал, жалпы кездесу 1-1 есебімен тең аяқталды.

Айта кетейік, бұл күні Исламханнан бөлек қысқы трансферлік ауысым барысында ресейлік команданың қатарына қосылған Сергей Каретникте «Кубань» сапындағы өзінің алғашқы кездесуін өткізді. 

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: vesti.kz

Ю. НИКУЛЛИН