Қазақстан - Германия матчына 17 мыңнан аса билет сатылып үлгерген

Қазақстан - Германия матчына 17 мыңнан аса билет сатылып үлгерген

Футболдан 2014 жылы Бразилияда өтетін әлем біріншілігіне іріктеу матчтары аясында Елорданың "Астана-Арена" стадионында болатын Қазақстан - Германия кездесуіне қазірдің өзінде 17 мыңнан аса билет сатылып үлгерген, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Билеттердің барлығы матч болатын күні толығымен сатылып кетеді деген болжам бар. Айта кетейік, билеттердің бағасы стадиондағы орындарға байланысты 500 бен 7 мың теңге аралығында. Қазіргі кезде стадион кассасы алдында билет сатып алуға келген жанкүйерлер ұзын-сонар кезекте тұр. 

Одан бөлек, ұйымдастырушылар сатып алынған билеттермен жанкүйерлер арасында лотерея ойынын өткізбек. Бас жүлдеге екі бірдей "Hyundai" көлігі тігіліп отыр. Естеріңізге салсақ, матч 22-наурыз күні Астана уақытымен түңгі 00.00-де басталады.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: fussballtempel.net 

Б. Қосмағамбет