Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Бұл қызық / ЧЛ ширек финалына шыққан барлық команда анықталды

ЧЛ ширек финалына шыққан барлық команда анықталды

ЧЛ ширек финалына шыққан барлық команда анықталды

Испандық "Малага" клубы жауапты матчта "Портуды" ұтып, ЧЛ 2012/13 маусымындағы ширек финалға шыққан соңғы команда болып тіркелді. 

Жарыстың 1/8 финалы аясында 14 наурыз күні, Испания жерінде өткен жауапты матчта Мануэль Пеллегрини командасы 2:0 есебімен португалиялық клубтан басым түсті. 

Ойындағы бірінші допты 43-минутта айып алаңынан қақпаны дәл көздеген Иско салды. Екінші гол 77-минутта орын алды. Бұрыштан берілген снарядты баспен ұрған Роке Санта Крус матчтағы ақырғы нәтижені тіркеді. 

Айта кетейік, екінші допты "Порту" бір ойыншыға кем құраммен жіберіп алды. Себебі 49-минутта Хоакинге қарсы тәртіп бұзған Стивен Дефур екінші рет сары қағаз алып, алаңнан қуылған еді.  

Естеріңізге салсақ, қос команда арасындағы бірінші кездесу 19 ақпан күні Португалияда өтіп, 1:0 есебімен жергілікті команданың пайдасына шешілген еді. Осылайша, екі ойындағы қорытынды есеп бойынша, "Малага" клубы өз тарихында тұңғыш рет ойнап жатырған чемпиондар Лигасының ширек финалынан бір-ақ шықты.  

Сонымен, ЧЛ ширек финалына шыққан командалар келесідей: каталониялық "Барселона", түріктің "Галатасарай", мадридтік "Реал", дортмундтық "Боруссия", париждік "Пари Сент-Жермен", туриндік "Ювентус", мюнхендік "Бавария", испаниялық "Малага" клубтары.

Ширек финал кездесулерін анықтайтын жеребе тарту рәсімі 15 наурыз күні, яғни ертең Швейцарияның Ньон қалашығында өтеді.   

  

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: sport-xl.net 

1015 14
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 14 наурыз 2013, 14:00
Пікірлер
+0
14 наурыз 2013, 14:07

Реал ұтады бәрін, хэй)

+0
14 наурыз 2013, 14:11

Қой, жаман сөз айтпаңыз

+0
14 наурыз 2013, 14:12

бәс тігесің ба? менің жаман сөзіммен сенің жақсы сөзіңді жарыстырайық)

+0
14 наурыз 2013, 14:27

жоқ БАРСЕЛОНА ұтады

+0
14 наурыз 2013, 14:28

БАРСЕЛОНА-ПСЖ-РЕАЛ МАДРИД-БАВАРИЯ :ugeek:

+0
14 наурыз 2013, 15:04

Галатасарай жеңсе екен

+0
14 наурыз 2013, 15:18

достар менің ішкі түйсігімнің айтуы бойынша, финал яғни Уэмблиде Барселона - Бавария күш сынасады. Ал ертеңгі жеребеде, Реал - Псж , Барса-Галатасарай, Бавария - Дортмунд, Юве- Малага боп калады ау :? :? :? :? :) :) :) :)

+0
14 наурыз 2013, 23:56

Маған да Барса мен Галатасарай түсетін сияқтыыыыы көрінед, ертең көреміз ғой)

+0
14 наурыз 2013, 15:19

Жалпы не болса да сәттілік!!! Келесі ойындар өте қызық болады, Көрейік.

+0
15 наурыз 2013, 00:35

Biylgy kubok Real Madridtiki! Menin tuisigim solai deidi!!!!!!!1 8-)

+0
15 наурыз 2013, 01:49

Бавария шығып шығып жеңіліп қалатын әдеті бар

+0
15 наурыз 2013, 10:50

МХМ, ол да рас, неміс футболы финалда жүреді бірақ,,,,,,,, жеңіледі. Барса күшіне қайта мінді. Сол Реалдан жеңілгеннен кейін Миланды өтуі қиын болады деп едім, бірақ Месси мықтылық танытты. Мәләдес! Биыл да Барса алады. Ешкім таласпаса да болатын шығар :x

+0
15 наурыз 2013, 10:47

Маке, Реалдың ойыны алдыңғы жылғы ойыннан мүлдем төмен. Есіңде ма 5-2, 7-1 деген есептер биыл мүлдем жоқ. Бұл дегеніміз, Маур Челсиге кетем дегені сияқты. Маур Челсиге аперди, кейін құлдырады, Интерге әперді ол да өшті, реалға әперді, енді міне результат,,,,, так чтоооо Реалдан көп нәрсе күте алмаймыз. Мен де Реал жанкүйерімін, өкінішке орай :( :( :(

+0
05 сәуір 2013, 01:47

клиен мыкты командалар шыгыпты го :) :) :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...