Жерар Пике: "Бізге 90 мың көрерменнің сенгені қажет"

Жерар Пике: "Бізге 90 мың көрерменнің сенгені қажет"

"Барселона" клубының қорғаушысы Жерар Пике бүгінгі Миланға қарсы болатын ойында өзінің командалық әріптестерінің матчта жеңімпаз болып шығуға бар күшін салатынына сенімді. 

-Мен клуб жанкүйерлерінен осыдан 10-15 жыл бұрынғы команданың нәтижелеріне көз жүгіртуін сұрар едім. Йохан Кройфф келмей тұрып, біз 90 жыл бойы ештеңе ұтқан жоқпыз. Бірақ соңғы 10-15 жылда біз клуб тарихын қайта жаздық. Сондықтан жанкүйерлер біздің командаға сенуі керек. Біз ол сенімді толықтай ақтап шығуға барымызды саламыз",-дей келе Пике, - Матч басталысымен-ақ шабуылға ден қоюымыз керек. Оны көрген жанкүйерлердің де қолдауы артатыны белгілі. Бізге олардың қолдауы ауадай қажет. Бізге 90 мың көрерменнің сенгені қажет. Ширек финалға шығу біздің команданың қолынан келетініне өз басым толықтай сенемін, - деді. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: barcelona.net.ua


Б. Қосмағамбет