Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Бұл қызық / "Манчестер Юнайтед" Руниді сатпақ ойы бар

"Манчестер Юнайтед" Руниді сатпақ ойы бар

Осы аптада «Манчестер Юнайтед» шабуылшы Уэйн Рунимен алдағы жазда қоштасуы мүмкін деген сыбыс тарады. Англия құрамасының 27 жастағы ойыншысының басқа командаға сатылуы мүмкіндігі жайлы The Telegraph және The Guardian секілді танымал баспалар хабарлады. 

«Юнайтедтің» бас бапкері сэр Алекс Фергюсон маусымның ең маңызды кездесуі саналған – Чемпиондар Лигасы аясындағы мадридтік «Реалға» қарсы ойында Руниді қосалқы құрамда қалдырғаны белгілі. Артынша, клуб жазда  Уэйнмен қош айтысуы мүмкін деген сыбыс тарады.

Осы маусымда Фергюсон Руниді бомбардир ретінде көрмегені сөзсіз. «Реалмен» өткен кездесуде сэр Алекс Робин Ван Персидің жанына Данни Уэлбекті қосуды жөн көрді, айта кетсек, сонымен қатар, қосалқы құрамда Хавьер Эрнандес те бар.

Руни өз мансабының қазіргі кезеңінде плеймейкер болуға да әуестенуде, алайда, бұл позиция байланысты «Юнайтедте» айтарлықтай күрделі проблема туындап отырған жоқ. Ал аптасына 300 мың фунт жалақы алатын ойыншыны қосалқы құрамда ұстап отыруға тіпті «қызыл сойқандардың» да шамасы келмейді. 

Рунидің қазіргі жалақысын ескерсек, бұл ойыншыны бағып-қаға алатын тек бір-ақ команда бар – ПСЖ. The Guardian-ның хабарлауынша, «Манчестер Сити» 2010 жылдың қазан айында Руниға асқан қызығушылық білдірген екен. Алайда, қазіргі уақытта қаржы фейр-плей заңдарының қатаң болғандығынан «Сити» аталған шабуылшыны иеленуге үміткер саналмайды. 

Қалай болғанда да «Юнайтед» ресми өкілдерінің бірде-бірі әзірге бұл сыбыс турасында ешқандай мәлімдеме жасамады. Ал Фергюсон болса «Реалмен» өткен кездесуден бері әлі үн-түнсіз.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: eldir.ru

221 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 07 наурыз 2013, 16:37
Пікірлер
+0
07 наурыз 2013, 16:42

Жігіттерің құртып жатыр, қыздар қайда, көрсе өлтіреді сендерді))

+0
08 наурыз 2013, 03:07

недепжатырсын озйн

+0
08 наурыз 2013, 03:07

жаксы ойыншы ендй го неге? саткалы жатыр екен :o :o :o :shock: :shock: :shock:

+0
12 наурыз 2013, 17:22

сатканнан кейин МЮ 0 болып калады ойнайалмай

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...