"ПСЖ" "Валенсияның" жолын кесті

"ПСЖ" "Валенсияның" жолын кесті

Франция астанасының "Пари Сен-Жермен" клубы чемпиондар Лигасы 1/8 финалының жауапты матчында испаниялық Валенсия клубымен тең түсті. "Парк де Пренсте" өткен тартысты матч қорытындысы: 1:1. 

 

Испандық клубтың шабуылшысы Жонастың 55-минутта соққан голына, алаң иелері Эсекиэль Лавессидің 66-минутта дәл соққысымен жауап берді.

12-ақпанда Испанияда өткен алғашқы матч 1:2 болып, "ПСЖ" пайдасына шешілген еді. Осылайша, екі матч қорытындысы бойынша, ЧМ 1/4 финалына париждіктер жолдама алды.  

Оған дейін ширек финалға "Манчестерді" ұтқан "Реал" мен украиналық "Шахтерді" жерге қаратқан "Боруссия" клубтары шыққан болатын. 

Ширек финалдғы қарсыластарды анықтайтын жеребе тарту рәсімі 15-наурызда Швейцарияның Ньонінде өтеді. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: vk.ru

Б. Қосмағамбет