"Ювентус" клубы "Селтикті" ұтып, ширек финалға шықты

"Ювентус" клубы "Селтикті" ұтып, ширек финалға шықты

Туриндік "Ювентус" футбол клубы шотландиялық "Селтикті" ұтып, чемпиондар Лигасының ширек финалын жолдама алды. Туринде өткен матч 2:0 болып аяқталып, алаң иелерінің пайдасына шешілді.

24-минутта Алессандро Матри есеп ашса, Фабио Куальярелла ойынның 64-минутында Фабио Куальярелла есепті еселеді. 

Бірінші ойында да "Ювентус" 3:0 есебімен жеңісті тойлаған еді. Осылайша, чемпиондар Лигасының 1/4 финалына туриндіктер жолдама алды. Ширек финалда ойнайтын командалар 15-наурызда жеребе тарту рәсімінде анықталады. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: juventus.kz

Б. Қосмағамбет