Фергюсон: Роналдудан қорқудың қажеті жоқ

Фергюсон: Роналдудан қорқудың қажеті жоқ

«Манчестер Юнайтед» бас бапкері сэр Алекс Фергюсон Чемпиондар Лигасы аясында «Реалға» қарсы өтетін кездесуде командасының Криштиану Роналдудан қорықпауы қажет деп есептейді.

Дәл Роналду «Сантьяго Бернабеуде» өткен алғашқы ойында есеп теңестірген болатын (1:1). Алайда, Фергюсон «қызыл сойқандарды» өзінің бұрынғы клубтасынан қорықпауға шақырады және осы жолы Рафаэль Да Сильва Криштиануға қарсы жақсырақ ойнайды деп үміттеніп отыр.

«Бұл біз қорықпайтын нәрсе болуы керек. Егер Криштианудың қандай қауіп төндіре алатынына байланысты сабырсызданатын болсақ, өзіміздің қолдан келетін кейбір заттар жайлы ұмытып кетеміз».

«Құрамында Криштиану бар командадан басқа нені күтуге болады? Әрине, бүкіл ойын бойы қиындықтарды күтесің. Біз туындайтын сол қиындықтардың санын минимумға жеткізуіміз қажет».

«Мадридтегі матчтың бірінші таймынан Рафаэль жеткілікті тәжірибе жинап үлгерді және осы жолы оған жинаған тәжірибесі көмегін тигізеді деп үміттенемін. Себебі, бұл жолы да оның мақсаты сол болады», - дейді Фергюсон BBC-ге берген сұхбатында.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: eurosport.ru

Ж. FM