Бауыржан Исламхан «Кубань» командасының негізгі құрамына қосылды

Бауыржан Исламхан «Кубань» командасының негізгі құрамына қосылды

Футболдан Ресей біріншілігіндегі трансферлік ауысым мерзімі аяқталатын күні «Кубань» командасы өздерінің негізгі құрамына Қазақстан жастар құрамасы капитаны Бауыржан Исламханды қосты.

20 жасар футболшы Аделейе, Шандао, Леандро және Каборе сынды жаңадан келген ойыншылармен бірге «Кубань» командасының негізгі құрамына ілікті. Бауыржан жаңа командасының сапында енді 32-нөмірмен ойнайтын болады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы мен Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы красноярлық командамен үш жылдық келісім-шарт жасасқан. Бүгінде Исламхан жарақатына байланысты командадан бөлек жаттығуларын өткізіп жатыр. 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: vesti.kz

Ю. НИКУЛЛИН