"Ман Сити" Насриді сатып жібермек

"Ман Сити" Насриді сатып жібермек

«Манчестер Сити» франуз жартылай қорғаушысы Самир Насриді трансферлік ауысымға шығармақ. Бұл туралы Goal.com хабарлайды.

Таратып отырған ақпаратқа сенсек, Насриді 21 миллион евроға сатпақ көрінеді. Айта кетер болсақ, аталған ойыншы  2011 жылдың жаз айында "Арсенал" командасынан  27,5 миллионға ауысып келген болатын. Бүгінгі таңда ағылшын клубының бас бапкері  Роберто Манчини (өзін Англиядағы ең мықты бапкер санайтын) жартылай қорғаушының ойынға салғырт қарайтынын, одан қалды тәртіп-құлық тұрғысында оңып тұрмағанын алға тартып, сатып жіберуге бекініпті.

Француз ойыншысына «Интер» мен «Монако» командалары қызығушылық танытып отыр екен.

Ішкі біріншіліктің чемпиондары 21 жасар Неймарды 57 миллион евроға сатып алғылары келеді.

сурет:ru.uefa.com 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига