Руни:" Криштианудан Месси мықты!"

Руни:" Криштианудан Месси мықты!"

"МЮ" командасының ойыншысы Уэйн Рунидің есептеуінше, "Барселона" командасының шабуылшысы Лионель Месси өзінің бұрынғы әріптесі Криштиану Роналдуға қарағанда әлдеқайда мықты екен.

"Екеуі екі бөлек талант. Әсілі, Месси - керемет ойыншы! Менің ойымша, ол ең үздік футболшы. Ал Роналдуға келер болсақ, онда бұл ойыншының жолы болмады. Әйтпесе, басқа уақытта дүниеге келгенде Месси алған жүлденің бәрін өзіне жинар еді. Бәріне қарамастан, аталған екі ойыншы да барлық уақыттың ең үздік футболшылары болып қала бермек", - дейді Руни.

Уэйннің командаластары - Том Клеверли мен Джонни Эванс болса, керісінше, Месси алдындағы Роналдудың басымдылығын атап көрсетеді. "Мен Роналдумен бірге ешқашан ойнап көрген емеспін. Екеуі екі бөлек болса да, жеме-жемге келгенде Криштиануды таңдар едім,"- дейді Клеверли.

"Екеуін салыстыру қиындау ма деп деймін. Өйткені, мен Мессидің әр күнгі ойынын тамашалай алмадым, - деп Эванс айта келе, - Өз кезегінде Роналдумен бір жыл бірге ойнаудың мүмкіндігі туды. Бәрібір де португалдық ойыншының мықтылығын мойындаймын",- дейді соз соңында.

Криштиану Роналду "Реал" сапында 181 ойын өткізіп, 183 гол соққан болса, Лионель Месси бүкіл мансап жолында "Баселона" сапында 366 ойында 301 рет мергендік танытқан.

5 наурыз күні Чемпиондар Лигасының 1/8 финалының ақтық ойынында «МЮ» мен «Реал» командалары жүздеседі. Өздеріңіз білетіндей, «Сантьяго Бернабеуде» өткен бірінші ойында тең есеппен тарасқан еді.

сурет:eurosport.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига