Бауыржан Исламхан «Кубань» командасына ауысуы мүмкін

Бауыржан Исламхан «Кубань» командасына ауысуы мүмкін

«Тараз» футбол командасы мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан жуық арада Ресей біріншілігінде өнер көрсететін «Кубань» командасына ауысуы мүмкін. Бұл туралы команданың баспасөз қызметі хабарлайды.

«Тараз» командасының бас бапкері Любомир Петрович Исламханның шеберлігі  арту үшін мықты біріншілікте ойнау керек деген болатын. Бауыржанның басқа командаға ауысуын Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев та қолдап отыр.

Бүгінде Бауыржан футболдан Ресей біріншілігінде ойнайтын «Кубань» командасының сапында оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Егер бұл ойыншы красноярлық команданың жетекшілеріне ұнайтын болса, онда Исламхан командамен үш жылдық келісім-шарт жасаспақ. 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: Жеке мұрағаттан

Ю. НИКУЛЛИН