«Қайрат» донецкілік «Шахтердің» ойыншысымен толықты

«Қайрат» донецкілік «Шахтердің» ойыншысымен толықты

Футболдан ел біріншілігіне қызу дайындалып жатқан алматылық «Қайрат» командасы донецкілік «Шахтер» командасының ойыншысы Владислав Нехтиямен толықты.

Футболшымен алматылық команда үш жылға келісімге келген екен. Түркия жерінде оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатқан «Қайрат» клубының сапында Нехтия бар болғаны екі күн қараудан өткен. Содан соң «Қайраттың» бас бапкері Владимир Вайсс ойыншымен бірден келісім-шарт жасасқанды жөн көріпті.

«Нехтия жаңа командасымен үш жылдық келісім-шарт жасады. Ол бар болғаны екі күннің ішінде ойын мәнерімен Владимир Вайссқа ұнап, бірден команданың қатарына қосылды», - дейді Владислав Нехтияның жеке агенті Вадим Шаблия.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: vesti.kz

Ю. НИКУЛЛИН