Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Бұл қызық / Голды аппарат тіркейтін болды

Голды аппарат тіркейтін болды

Голды аппарат тіркейтін болды

2014 жылы Бразилияда өтетін футбол чемпионатында голдарды арнайы құрылғы тіркейтін болды деп ресми түрде Халықаралық футбол федерациясы мәлімдеді.

Бұл құрылғы Жапонияда арнайы тексерістен өтіп, нәтижесі сәттілікпен аяқталды. Мұнда өткен әрбір ойында аппарат (GLT) әрбір голды дәлме-дәл тіркеп отырған.

Арнайы лицензияны тек Hawkeye және GoalRef деп аталатын екі құрылғы алып отыр. Әйтсе де, тендер әлі де ашық. Бұл дегеніңіз әлі де мұндай аппараттарды тіркеу жалғасады деген сөз. Ендігі тәжірибелік жұмыстар Бразилияда өтетін конфедерация кубогын сарапқа салған кезде болады. ФИФА әлемдегі барлық стадиондарға осындай құрылғы қоюға ниеттеніп отырғаны да белгілі болды.

Расында да, қақпа сызығын басып өткен допты тарихта есептемеген жағдайлар өте көп болғанынан хабардармыз. Соңынан үлкен даулардың да шығуы футболсүйерлердің көкейінде жүрген мәселеге айналған еді. Бұдан кейін ФИФА президенті Йозеф Блаттер голдың соғылған-соғылмағанын дер кезінде анықтайтын электронды тіркеу жүйесін іске қосу туралы ойды құптаған еді.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: furfurmag.ru

946 7
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 21 ақпан 2013, 11:34
Пікірлер
+0
21 ақпан 2013, 12:45

мынаусы жақсы екен)

+0
21 ақпан 2013, 12:46

Төрешінің орнына да бір роботты жүгіртіп қойса болады ғой, әсіресе қапталдағы төрешілерге

+0
21 ақпан 2013, 12:54

Рахат емес пе иә? :lol:

+0
21 ақпан 2013, 13:29

Қалай болар екен? Оффсайдпен салынған гол ше?

+0
21 ақпан 2013, 14:10

футболға техниканы араластырмау керек ойынның қызығы кетеді

+0
21 ақпан 2013, 15:10

соны айтам ше)

+0
21 ақпан 2013, 16:32

Футболды адамдар ойнайды Иосеф! Мейлі есептелсін - есептелмесін футбол сонысымен қызық. енді бұларды да түсіну керек, құр отырмайық дегендей боп жатыр да түсінсеңдер

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...