Манчини өзін үздік бапкер санайды

Манчини өзін үздік бапкер санайды

«Манчестер Сити» бапкері Роберто Манчини өзін ағылшын Премьер-Лигасында соңғы уақыттағы ең үздік және ең табысты бапкер санайды.

Соңғы бірнеше аптада БАҚ өкілдері арасында Манчини жаз маусымында немесе ағымдағы маусым аяқталысымен «Ситимен» қош айтысуы мүмкін деген сыбыс тараған болатын. Соның ішінде «Этихадқа» «Реалдың» қазіргі бапкері Жозе Моуриньо келеді деген де бар.

Бұдан бұрын БАҚ өкілдері «Ситиге» Хосеп Гвардиоланы да қоспақ болған еді, алайда, кейінірек «Барселонаның» бұрынғы бапкері «Бавариямен» келісім-шартқа отырғаны белгілі болды. Дегенмен, Манчини өзіне деген мұндай қарым-қатынасты әділетсіз деп есептейді.

«Біреулер алты ай бойы «Манчестер Сити» өз бапкерін Гвардиолаға ауыстырады деп айтып келді».

«Гвардиоланың «Баварияға» ауысқанынан соң басқа бапкерлер жайлы айта бастады. Адамдардың есте сақтау қабілеті нашар болса керек, мен соңғы 15 ай бойы Англиядағы үздік бапкер атанып келемін, себебі мен бір рет Премьер-Лиганы, бір рет Англия Кубогын және де Англияның Суперкубогын жеңіп алдым».

Сіздер мен сияқты бапкер таба алмайсыздар және тараған сыбыстарға бір нәрсе жасау менің қолымнан келмейді, дегенмен шындық осы», - дейді Манчини TalkSPORT-қа берген сұхбатында.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: footballcafe.ru

Ж. FM