Зидан "Реалдың" жасөспірімдер клубын басқармақ

Зидан "Реалдың" жасөспірімдер клубын басқармақ
Мадридтік "Реал" клубының бұрынғы жартылай қорғаушысы Зинедин Зидан жақын күндері корольдік клубқа тиесілі жасөспірімдер клубының тізгінін ұстайды, деп хабарайды испан басылымы.

Естеріңізге салсақ, осыған дейін де Зидан Флорентино Перес басқарған клуб тізгінін өз қолына алған еді. Алайда, арада біраз уақыт өткеннен кейін, Зидан өз мансабын клубты жаттықтыру ісінде жалғастырған еді. 

Сондай-ақ, испан басылымының хабарлауынша, Зидан Перестің кеңесшісі қызметін де қатар алып жүрмек. Оған қоса, ол маусым аяқталысымен клубтан кетуі мүмкін Жозе Моуриньоның орнын басатын ізбасарды таңдауда да өз ойын айтатын көрінеді.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: gazeta.ru 

Б. Қосмағамбет