"Реал" - "Манчестер Юнайтед"

"Реал" - "Манчестер Юнайтед"

Сәрсенбі күні кешкісін Еуропаның екі алыбы Мадридте кездеседі. «Реал» мен «Манчестер Юнайтед» арсындағы матч Чемпиондаар Лигасы финалына татитындай ойын. Бұл командалардың 1/8 финалында кездесуінің бір жұбататыны қарымта ойынның болуында.

«Реал» мен «Манчестер» 12 рет Чемпиондар Лигасында жеңіске жеткен. «Мадридтіктер» Еуропадағы ең айтулы клубтық додада ең табысты команда саналады. Дегенмен, жеңіске соңғы рет 11 жыл бұрын жеткен болатын.

Ағымдағы маусымда өзінен «Барселонаны» тым алысқа жіберіп алған «Реал» үшін басты мақсат Чемпиондар Лигасы болып саналады. 

«Юнайтед» өз кезегінде бір турнирге бола басқа жарыстармен құрбан етуге құқығы жоқ. «Қызыл сойқандар» Премьер-Лигада 12 ұпай айырмашылығымен көш бастап келеді.

Осы бір қарсылыққа барлық жарыстарды есепке алғанда 14 кездесу бойы жеңіліс көрмеген сэр Алекс Фергюсон командасы жақсы көңіл-күйде және нағыз баптарында келеді.

Жарқын «Реал» vs «Манчестер Юнайтед» деген маңдайша жазудан басқа, асыға күтетін кездесуге мән беретін тағы бірнеше сәттер де бар. Бір жағынан бұл бапкерлердің кезекті тартысы болса, екінші жағынан 2009 жылы «Олд Траффордтан» кеткелі бері Криштиану Роналдудың «Қызыл сойқандарға» қарсы алғашқы кездесуі.

«Юнайтед» ешқашан «Реал» алаңында жеңіске жеткен емес – екі рет жеңіліп, екі рет тең түскен. Ал «Сантьяго Бернабеулік» клуб Чемпиондар Лигасының 31-соңғы кездесуінде тек бір ғана рет өз алаңында гол соға алмады - 2011 жылы сәуір айында «Барселонаға» қарсы өткен ойын

Ағымдағы маусымда Моуриньо шәкірттері топтық кезеңнің алты ойынында да өз қақпасына доп жіберіп алды. Барлығы 9 гол. Бұл плей-оффқа өткен командалардың ішінде ең нашар көрсеткіш.

Бүгін өтетін кездесуде «Реалға» өз көмегін Хаби Алонсо ұсынуы мүмкін. «Ливерпульдің» бұрынғы жартылай қорғаушысы «Севильяға» қарсы ойынды шап жарақатына байланысты жіберіп алған болатын. Бірақ, жуырда Месут Өзил, Сами Хедирамен бірге жаттығыпты-мыс. Қақпашы Икер Касильяс қолын сындырып алуына байланысты кездесуге қатыспайды, оны Диего Лопес алмастырады.

Ал «Манчестер Юнайтед» Мадридке Пол Скоулзды алмаған көрінеді. Джонни Эванс, Фил Джонс және де Эшли Янг денсаулықтарын қалпына келтіріп үлгерген. Бір сөзбен айтқанда, «Қызыл сойқандарда» ойыншы тапшылығына байланысты ешқандай қиыншылық жоқ.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: www.eurosport.ru, sporttabloid.com

Ж. FM