Моуринью:"Фергюсон футболдан 90 жаста кетсе, мен 70 жаста кетем"

Моуринью:"Фергюсон футболдан 90 жаста кетсе, мен 70 жаста кетем"

Жозе Моуринью Чемпиондар Лигасының 1/8 финалында жолығысатын "Манчестер Юнайтед" пен "Реал" командалары арасындағы ойынға байланысты құралған баспасөз мәслихатында сөз сөйледі. Журналистердің алма-кезек қойған сұрақтарына жауап бере отырып, португалдық маман "Реал" командасымен қош айтысқан соң Англияға оралатынын мәлімдеді.

"Реалмен" қош айтысқан соң Англияға ораламын. Уақыты келгенде көре жатармыз. Мен Англияға қатысты бар нәрсені жақсы көремін. Ендігі жүріс Англияда жасалмақ" - дейді Моуринью.

Сонымен қатар баспасөз мәслихатында бүгінгі таңда 71 жасты алқымдап қалған маман сэр Алекс Фергюсон баптап отырған "қызыл айдаһарларды" Жозенің алдағы күнде басқаруы мүмкін бе деген сұрақ төңірегінде сөз қозғалған болатын.

"Жоқ. Менің ойымша, біздер футболдан бір уақытта кететін секілдіміз. Ол уақытта оның жасы тоқсанда болады, ал менің жасым жетпіске келмек", - деген екен "Реал" бапкері.

сурет:liverating.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига