"Реал" Криштиану Роналдуға "Аңыз ойыншы" атағын берді

"Реал" Криштиану Роналдуға "Аңыз ойыншы" атағын берді

Мадридтік "Реал" командасының жетекшілері клубтың португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналдуға "Аңыз ойыншы" атағын берді. 

Роналдудың «Реал» командасының аңыз ойыншысы атанғаны туралы ақпаратты карольдік команданың ресми сайты хабарлады. Португалдық шабуылшы «Сантьяго Бернабеуде» өнер көрсетіп келе жатқан 3 жылдың ішінде 179 кездесуде 182 мәрте нәтижелі соққымен көзге түскен екен.

Бұл дегеніміз шабуылшы орта есеппен әр кездесуде 1,02 гол соқты дегенді білдіреді. Дәл осы нәтиже команда тарихындағы өнер көрсеткен шабуылшылар арасындағы үздік көрсеткіш болып тіркелді. «Реал» тарихындағы үздік сүрмергеннің көрсеткіші бойынша, Роналдудың көрсеткішіне ең жақын орналасқан - Ференц Пушкаш. Ол 261 кездесуде 242 голмен көзге түскен. Орташа есеппен Пушкаш 0,93 гол соққан екен.

Роналдудың осы жетістігіне орай «Реал» ұжымының жетекшілері арнайы жиын өткізді. Бұл жиынға карольдік команданың Пирри, Хенто, Амансио және Бутрагеньо сынды аңызға айналған ойыншылары да қатысқан.

Айта кетейік, жалпы «Реал» командасының тарихындағы үздік сүрмеген  -Рауль. Ол мадридтіктердің сапында 741 рет алаңға шығып, 323 гол соққан. 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет: eurosport.ru 

Ю. НИКУЛЛИН