Сандро Росель: "Реалдан" бір-ақ ойыншыны алар едім

Сандро Росель: "Реалдан" бір-ақ ойыншыны алар едім

«Барселона» клубының президенті Сандро Росель өз командасына басты бәсекелес саналатын «Реал» клубының құрамында өзіне тек бір ғана ойыншы ұнайтынын мәлімдеді.

«Реалда» көптеген жылдар бойы мен ұнатып жүрген ойыншы біреу-ақ». Мадридтік клуб сапында жақсы ойыншылар жетерлік, дегенмен өз клубым үшін мен тек олардың біреуін ғана таңдар едім. Бірақ, мен оның есімін атамаймын», - деді Росель.

Журналистер бірден футболшының аты-жөнін болжап, Росель айтып отырған ойыншы Икер Касильяс деп шешкен болатын. Алайда, каталондық клубтың президенті бұл болжамға «Касильяс дейсіздер ме? Балгерлік етудің қажеті жоқ», -  деп тіл қатты.
 
Ал журналистердің Криштану Роналду деген нұсқасына футбол саясаткері бірден: «Мен Роналдуды «Барселонаға» тегін болса да шақырмас едім. Кейде тегін нәрсе үшін үш есе қымбат төлеу керек болады» деп жауап қайырды.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: eurosport.ru

А. Құлтай