Италиялық клуб Торресті сатып алмақ

Италиялық клуб Торресті сатып алмақ

"Фиорентинаның" клуб басшылығы "Челси" командасының шабуылшысы испандық Фернандо Торресті жаз маусымында сатып алмақ.

Италияның баспасөз өкілдері таратып отырған ақпаратқа сүйенсек, онда ішкі біріншілікте сүреңсіз ойын көрсетіп жүрген клуб басшылығы Фернандо Торресті сатып алуға 28 миллион фунт стерлинг жұмсамақ.

Бұған дейін де "Фиоретинаның" директоры Даниэль Праде "ақсүйектердің" басшылығымен кездесу өткізген болатын. Алайда, "Челси" командасы Торресті қыстық ауысымда сатпайтындарын айтып, шабуыл шебінде ойыншы жоқтығын сылтауратып, жаз маусымында ұсынысты қайта қарармыз деген желеумен шектелген еді.

"Фиорентина" келіссөзді ұзаққа созғысы келмей, енді міне, тағы да испандық ойыншыны сатып алу туралы ұсынысты "ақсүйектерге" факс арқылы жіберіп отыр. Бізге жеткен ақпаратқа сенсек, онда келіссөз сәтті жолмен іске асып жатқан сияқты. Және "Челси" клубы жаз маусымында Лондонда өз өнерін толық көрсете алмаған, бір сөзбен айтқанда, жолы болмаған ойыншыны сатып жіберетін секілді.

сурет:football.ya1.ru 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига