"Ақжайыққа" босниялық шабуылшы қосылды

"Ақжайыққа" босниялық шабуылшы қосылды

Оралдық «Ақжайық» футбол клубының екінші оқу-жаттығу жиынына босниялық Эдин Пехлич қосылды, деп хабарлайды команданың сайты.

Казиналық ФК «Краинаның» шәкірті саналатын босниялық шабуылшы бұдан бұрын «Игман», «Сараево», «Каунас», «МТЗ-РИПО» секілді клубтарда өнер көрсеткен. Пехличтің соңғы клубы «Вележ Мостар» болды. Аталған клуб Босния және Герцеговинаның жоғарғы лигасында ойнайды.

Сонымен қатар, 2003-2006 жылдары Пехлич Босния және Герцеговинаның жастар құрамасында өнер көрсеткен.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: vesti.kz

Ж. FM