Месси ертең жаңа келісімге қол қоймақ

Месси ертең жаңа келісімге қол қоймақ

"Барселонаның" көшбасшы ойыншысы және "Алтын доптың" иегері Лионель Месси аталған клубпен күні ертең, 7 ақпан күні жаңа келісім-шартқа отырмақ.

Каталондық сайттың ақпаратына сенсек, жаңа келісім 2018 жылдың 30 маусымына дейін жалғаспақ екен. Күні ертең болатын келісімге кешкісін қол қойылмақ.

Месси қол қойған жағдайда, келісім-шартқа отырған "Барсаның" құрамындағы үшінші ойыншы саналады. Одан бұрын Хави мен Карлес Пуйоль келісім-шартқа отырған тұғын. Бір айта кетерлігі, каталондықтардың қақпашысы Виктор Вальдес жақында "Барселонамен" жаңа келісімге қол қоймайтынын мәлімдеген еді. Айта кетер болсақ, Вальдес қақпашының келісімі 2014 жылдың жазында тәмамдалмақ.

Бұрынырақтағы Месси мен "Барса" арасындағы келісім 2016 жылдың жаз айына дейін ұйғарылып келіп еді. Жаңа келісім туралы сөз желтоқсан айында қолға алына бастаған.

сурет:eurosport.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига