Роберт Левандовский «МЮ» сапына ауысуға келісім берді

Роберт Левандовский «МЮ» сапына ауысуға келісім берді

Футболдан Польша ұлттық құрамасы мен дортмундық «Боруссияның» шабуылшысы Роберт Левандовски қызыл сойқандардың сапына ауысуға өз келісімін берді.

Футболшының трансферлік құны 22 млн еуроға бағаланып отыр. Ал ойыншының өзі жаңа командасының сапында жылына 5 миллион еуро айлық алып тұратын болады. Негізінде бұл ойыншыны «МЮ» командасы өз қатарларына қысқы маусым аралық үзлісте қосқысы келген. Бірақ дортмундтық командалардың жетекішiлері шабуылшыны қысқы маусымда жібермеді. Енді Роберт Англия жеріне тек осы маусым аяқталған соң ғана көшетін болады.

Егер жазда польяк футболшысы «МЮ» сапына өтетін болса, Алекс Фергюсон командасында шабуыл шебінде ойнатын футболшылар көбейіп кететіні анық. Бұл жағдайға Алекс Фергюсонның өзі «Командада шабуылшылар көп болғанына еш уайымдамаймын. Қайта алдыңғы шепте ойнайтын Руни, Ван Перси, Эрнандес сынды "сен тұр, мен атайын" дейтін шабуылшылардың деңгейі жоғарылайтын болады. Левандовский өте мықты шабуылшы. Ол келсе, командамыз тек қана алға жылжитын болады », - деген екен.

Дегенмен, осы ақпарат шыққан соң, аз уақыт өтпей неміс басылымдары Левандовский «Бавариямен» келісімге келіпті деген мәлімет таратты.  Бірақ, бұл ақпарат ресми түрде әлі расталған жоқ. 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: news.sportbox.ru

Ю. НИКУЛЛИН