Петр Чех алтыншы рет Чехияның үздік футболшысы атанды

Петр Чех алтыншы рет Чехияның үздік футболшысы атанды

Лондондық “Челси” клубының қақпашысы Петр Чех 2012 жылғы Чехияның үздік футболшысы атанды.

Бұл атақты қақпашы осымен алтыншы рет жеңіп отыр. Осылайша Петр Чехияның бес рет үздік ойыншысы атанған Иво Виктордың рекордының мұртын бұзып отыр. Футболшылар, тілшілер һәм бапкерлер дауыс беру арқылы анықтаған үздіктердің қатарында “Вердер” командасының қорғаушысы Теодор Гебре екінші орыннан көрініпті. Ал "Гамбург" клубының жартылай қорғаушысы Петр Йирачек бұл тізімде үшінші орынға жайғасқан.

Чехия футбол қауысмдастығы ұйымдастырған салтанатты шарада Чехия елінің үздік бапкері де анықталды. Ол Пльзень қаласының “Виктория” ұжымының бас бапкері - Павел Врба. Өткен жылдың жас әрі талантты ойыншысы атағы “Челси” командасының ойыншысы, бүгінде “Витессте” жалда жүрген Томаш Калашқа берілді.

Айта кетейік, Петр Чех былтыр “Челси” командасының сапында Чемпиондар Лигасын жеңіп алды. Ал Чехия ұлттық құрамасымен бірге Еуропа біріншілігінің ширек финалына дейін жеткен болатын.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: vesti.kz

Ю. НИКУЛЛИН