Мартин Шкртел Словакияның үздік футболшысы атанды

Мартин Шкртел Словакияның үздік футболшысы атанды

Ағылшындық “Ливерпуль” командасының қорғаушысы Мартин Шкртел Словакияның 2012 жылғы үздік ойыншысы атанды. Бұл туралы Словакия футбол қауымдастығының ресми сайты хабарлайды.

Словакия футбол қауымдастығы елінің үздік ойыншысын футболшылардың, тілшілердің, және де футбол маңайында жүрген шенеуніктердің дауыс беруі анықтаған екен. Қорытындысында Санкт-Петербургтық “Зениттің” бұрынғы қорғаушысы Мартин Шкртел 356 дауыс жинап, бірінші орын алған. Ал “Наполи” командасының жартылай қорғаушысы Марек Гамшик Мартиннен небәрі 16 дауысқа қалып, екінші орынды қанағат тұтыпты. Үшінші орынды түріктің "Трабзонспор" командасының жартылай қорғаушысы Марек Сапара алған. Ол 214 дауыс жинаған екен. Үздік бестіктің қатарында 205 дауыс жинаған "Фенербахче" қорғаушысы Мирослав Стох және 174 дауыс жинаған “Зенит” ойыншысы Томаш Губочан да бар.

Ал 2012 жылдың қорытындысы бойынша, Словакияның ең үздік жас ойыншысы атағы 21 жасар немістің "Нюрнберг" командасының сапында ойнайтын Роберт Макқа беріліпті.

Айта кетейік, Шкртел өткен жылы “Ливерпуль” сапында Англия кубогін жеңіп алған. Қорғаушысы сондай-ақ, өз елінің осымен төртінші мәрте үздік ойыншысы атанып отыр. Ертеректе Мартин 2007, 2008, 2011 жылдары Словакияның үздік футболшысы атанған болатын. 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: vesti.kz

Ю. НИКУЛЛИН