Бенитес келесі маусымда "Челсиде" қалатынын айтты

Бенитес келесі маусымда "Челсиде" қалатынын айтты

«Челси» бапкері Рафаэль Бенитес өз шәкірттеріне келесі маусымда да аталған команданың бапкерлік қызметінде қалатынын мәлімдеді. 

The Mirror-дің хабарлауынша, бұның шын-өтірігі белгісіз. Бірақ испандық маман бұл мәлімдемені жазғы өзгерістерді күтумен жүрген кейбір ойыншыларды ынталандыру үшін жасауы мүмкін.

Бенитес үшін ағымдағы маусымды сәтті аяқтау өте маңызды. Рафаэльдің басты мақсаты - төрттікке кіру. Және бұл оның «Челсимен» тұрақты келісім-шартқа отыруына себепші болуы мүмкін.

Испандық бапкер кейбір ойыншыларға өзінің келесі маусымда да «Челсиде» болатынын айтып, ойыншылардан онымен бірге болу-болмайтындығын сұраған. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: chelsearus.com

Ж. FM