Кезекті Эль Классико тең есеппен аяқталды

Кезекті Эль Классико тең есеппен аяқталды

Футболдан Испания Кубогы жартылай финалының алғашқы матчы мадридтік "Реал" мен каталониялық "Барселона" арасында өткен кезекті Эль Классико тең есеппен аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Мадридтегі "Сантьяго Бернабеу" стадионында өткен матч 1:1 есебімен тең аяқталды. Есепті алғаш болып қонақтар ашқан еді. 50-минутта Мессидің тамаша шығарып берген пасын ұтымды пайдаланған Фарбрегас допты қақпаға дәл көздеді. Есеп 0:1. Алаң иелері матчты тек ойын аяқталарға 10 минут қалғанда ғана құтқарып қала алды. Голдың авторы - Рафаэль Варан.  

Осылайша екі кездесуден тұратын жартылай финалдық ойынның бірінші матчы тең есеппен аяқталды. Қарымта ойын 27 ақпан күні Барселонада өтеді. 

Футбол. Испания Кубогы. Жартылай финал. Алғашқы матч:
"Реал" (Мадрид) - "Барселона" (Барселона) - 1:1
Голдар: Фабрегас, 50 (0:1); Варан, 82 (1:1).
Ескертулер: Карвалью, 16; Кальехон, 42; Алонсо, 90 - Пике, 1; Алвес, 72; Пуйоль, 82. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: merengues.ru

Б. Қосмағамбет