Анелька “Ювентус” командасына ауысады

Анелька “Ювентус” командасына ауысады

Франция құрамасының атақты шабуылшыларының бірі Николя Анелька алдағы аптада Италияның «Ювентус» командасына ауысады. Бұл туралы туриндік команданың ресми сайты хабарлайды.

«Ювентус» командасының ресми сайтындағы ақпарға жүгінетін болсақ, Анелька жаңа командасының сапында медициналық бақылаудан жақсы өтіп те үлгерген екен. Енді алдағы аптада итальяндық команда шабуылшы бүгінде өнер көрсетіп жатқан қытайлық «Шанхай Шеньхуа» командасына ресми ұсыныс жасайды деп күтілуде. Егер де қос тарап келісіп жатса, француздық шабуылшы «Ювентус» сапында бес ай мерзімінде жалға ойнайтын болады.

Айта кетейік, Анелька осы уақытқа дейін Еуропаның «ПСЖ», «Арсенал», «Реал Мадрид», «Ливерпуль», «Манчестер Сити», «Челси» сынды азулы командалардың намысын қорғаған. Сонымен қатар Франция ұлттық құрамасының сапында да бірнеше кездесу өткізген. 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: eurosport.ru

Ю. НИКУЛЛИН