Сауд Арабиясы Франк Райкардты жұмыстан босатты

Сауд Арабиясы Франк Райкардты жұмыстан босатты

Сауд Арабия футбол федерациясы жақында жиналыс өткізіп, ұлттық құраманың бас бапкері Франк Райкардты қызметтен босату жөнінде қаулы шығарды.

«Голандиялық үш семсердің» бірі болған Франк Райкард 2011 жылы Сауд Арабия футбол федерациясымен үш жылдық келісім-шарт жасаған еді. Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде құрлықтық іріктеуден өтпей қалуы және Парсы шығанағы елдерінің чемпионатында жеңіліп қалуы, оның жұмыстан кетуіне себепкер болған.

Сауд Арабия ұлттық құрамасымен келісім-шарт жасасқан кезде, оның жылдық табысы 5 миллион 200 мың еуро болып бекітілген еді. Келісімнен бұрын жұмыстан кеткендігі үшін, енді ұлттық құрама Франк Райкардқа 3 миллион 600 мың еуро төлейтін болды. Өз уақытында Барселона командасын өрге жетелеп, Еуропа елдерін бойсындырған Франк Райкардтың бұл сынақта жұлдызы оңынан тумады. 

Дайындаған: Алшын МАТАЙ

Сурет: sport-xl.net

Қ. Қауымбек