Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Бұл қызық / Соққан голды тойлаудың 10 түрлі әдісі

Соққан голды тойлаудың 10 түрлі әдісі

Соққан голды тойлаудың 10 түрлі әдісі

1. Жүгіру

Барынша жылдам жүгіру керек. Себебі, егер әріптестерден қашып үлгермесең сені ұстап алады және төменде көрсетілгендерді жасауға мәжбүр боласың.

2. Алғыс айту

Жаратқанға, көрермендерге, жарына, әкесіне, анасына, бапкерге рақмет айту. Қалай болса да бұл өмірде алғыс айту керек адамдар жеткілікті ғой.

3. Сүю

Ойыншылар көбіне өз мемлекетінің немесе клубының елтаңбасын сүйіп жатады. Сондай-ақ, неке жүзігін, тіпті командағы әріптестерін де сүйіп жататын ойыншылар да бар.

4. Құшақтасу

Бұл әрекет ойыншылар арасындағы ең танымалы. Бұл әдіс ойыншылардың голды ортақтаса тойлағандарының белгісі.

5. Би және акробатика

Бұл енді әркімнің бойындағы дарынға байланысты. Кейбірі би билесе, ал енді біреулер өз голын акробатика жасаумен тойлайды.

6. Соққан голды балаға арнау

Бұл дәстүрді 1994 жылы Бебето «тербелтуден» бастаған.  Ал атақты италияндық футболшы Тотти баласына арнаған голды саусақ сору арқылы білдірген. Өз кезегінде, ван Перси егер гол соқса, крөермендерге «мұрнын» көрсетеді деп уәде берген екен. Соынмен қатар, кейде туылмаған балалар да футболшылардың ықыласына бөленіп жатады.

7. Шөп үстімен сырғанау

Тізерлеп не болмаса екбетімен жатып сырғанауға болады. Сондай-ақ, сырғанау кезінде бұрыштама жалауларын жинап алуға болады. Бірақ, мұндай тәсіл ең танымал болғанымен, бүгінде үйреншікті нәрсеге айналды.

8. Айналадағыларды ату

Қандай қару таңдайтыны ол әр футболшының жеке таңдауы – мейлі ол автомат болсын, мейлі садақ болсын.

9. Шешіну

Бұл әдісті футбол фанаттары қаншалықты жақсы көргенімен, төрешілердің соншалықты деңгейде ең жек көреді. Аталған әрекет үшін аямай жазалайды да. Сондықтан болар кейбір футболшылар жейделерін көтерумен ғана шектеліп қояды.

10. Тшшш!

Соңғы уақытта ресей футболшысы Аршавиннің арқасында танымал болған «тшшш!» әдісін айтпай кетуге болмайды. Дегенмен, бұл әдісті Аршавиннің өнертабысы деуге келмейді.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: eurosport.ru, mirfactov.com

1565 9
Рейтинг: +4

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 23 қаңтар 2013, 17:19
Пікірлер
+0
23 қаңтар 2013, 17:16

Тшшш! :) Күшті!

+0
23 қаңтар 2013, 17:43

:lol: кулкiлi жане кызык!

+0
23 қаңтар 2013, 18:49

:lol: ок деген сол болады ондай-ондай деген шығар ;)

+0
24 қаңтар 2013, 09:47

Футбол көргенде, жігіттердің әрекеті қызық деп ойлаушы ем. Сөйтсем түр түрі бар екен ғой

+0
28 қаңтар 2013, 15:01

Раулдікі керемет

+0
28 қаңтар 2013, 15:46

Иә, Раульды осы қылығы үшін оны жақсы көрем :D

+0
31 қаңтар 2013, 23:58

Сен Раульді жақсы көресің бе?! :(

+0
28 қаңтар 2013, 16:56

Суарездің білек сүйетіні бар. Гол салысымен міндетті түрде білектерін сүйеді, неге қоймаған??? :?

+0
31 қаңтар 2013, 23:50

маган барй унады асиресе сырганау сосын акробатика

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...