Андрес Иньеста: "Виктор Вальдес – әлемдегі ең үздік қақпашы"

Андрес Иньеста: "Виктор Вальдес – әлемдегі ең үздік қақпашы"

"Барселона" клубының негізгі қақпашысы Виктор Вальдес клубпен 2014 жылдың маусым айында аяқталатын келісім-шартын одан әрі ұзартпауға шешім қабылдаған екен.  

Валдестің осы шешіміне байланысты оның клубтағы үзеңгілесі Андрес Иньеста былайша пікір білдіріпті: "Бұл оның жеке шешімі. Бірақ ойыншы ретінде мен үшін Вальдесті клубтан жоғалту оңай емес. Себебі мен оны әлемдегі ең үздік қақпашы деп білемін. Ол клубқа 10 жыл бұрын қосылып, осы аралықта Примераның бес дүркін чемпионы, чемпиондар Лигасының жеңімпазы, тағы да көптеген халықаралық атақтарға қол жеткізді. Оның клуб үшін сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Ал жеке адам ретінде, мен оның қабылдағын шешіміне түсіністікпен қараймын. Себебі әр адам өз өміріне қожайын".


Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: sport.news.am

Б. Қосмағамбет