Жаңа Зеландия сиырдың кекіргеніне салық салады

Жаңа Зеландия сиырдың кекіргеніне салық салады
Фото: Getty Images/Canva

Жаңа Зеландия үкіметі климаттың өзгеруімен күресу мақсатында ауылшаруашылық жануарлары шығаратын парниктік газдарға салық салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы dw.com жазды.

БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO)  мәліметінше, әлемдегі жаһандық жылынудың 18 пайызы ауыл шаруашылығы есебінен екен. Бұл бүкіл транспорт секторынан да көп үлес.

Веллингтон 2050 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын азайтуға және көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді көздеп отыр. 2030 жылға қарай ауылшаруашылық метан шығарындыларын 10-47 пайызға дейін төмендету міндеттемесі үкімет стратегиясының бір бөлігі.

Премьер-министр Джакинда Ардерн фермалардан жиналған салық түсімдері жаңа технологияларды, зерттеуді және фермерлерді ынталандыру төлемдерін қаржыландыру үшін қайта инвестицияланатынын айтты.

© climatenexus.org

Әлемнің бірде-бір елінде мұндай салық жоқ және Жаңа Зеландия бұл мәселе бойынша бірінші болады. Шаруаларға бұл салық сомасын өнім бағасына қосу арқылы жабу ұсынылады.

Ауыл шаруашылығы министрі Дэмьен О'Коннор мұны ел фермерлері үшін қызықты перспектива деп атады.

"Шаруалар қазірдің өзінде климаттың өзгеруінен зардап шегуде, өйткені құрғақшылық пен су тасқыны жиілеп барады. Ауыл шаруашылығы қалдықтарын азайтуға мұрындық болу экологияға да, экономикамызға да пайдалы", - деді ол.

Фермерлер одағының президенті Эндрю Хоггард жаңа салыққа риза емес.

"Екі жыл бойы шаруалар үкіметпен бірлесіп парниктік газдарды азайту жоспарын әзірлеуге тырысты. Диқандар мұндай шараларды өндірісті азайтпай қолдануды жақтады. Енді жаңа ұсыныс фермерлерді шаруашылықтарын сатуға мәжбүр етеді", - деді Фермерлер одағының президенті.

Қойлар мен сиырлардан шыққан метан  елдегі парниктік газдардың ең үлкен көздерінің бірі. Әрбір жануар күн сайын кекіру арқылы атмосфераға 400-500 литр метан шығарады. Метан атмосферада көмірқышқыл газына қарағанда азырақ өмір сүреді, бірақ жылуды 30 есе тиімді сақтайды, сондықтан ол қауіптірек. Жалпы, 5 миллион халқы бар мемлекетте 10 миллионға жуық ірі қара, 26 миллионға жуық қой өсіріледі.

Бұған дейін Жаңа Зеландия үкіметі кейінгі ұрпаққа темекі сатуға тыйым салу туралы шешім қабылдап, елді «темекі шегуден ада» ету жоспарын жариялаған болатын.

Жасанды еттен дайындалған бургер: айырмашылығы, құрамы, бағасы

© Getty Images Toltek

Айта кетейік, сиырлардың табиғатқа бөлетін метан газы бұрыннан бар мәселе. Мысалы,

"Impossible Foods" осы арқылы ауыл шаруашылығының табиғатқа тигізетін зиянын анығы жаһандық жылынудың алдын алуды мақсат еткен. Жаңа фаст-фуд жасанды еттен дайындалады.

Зерттеулерге қарағанда бір сиыр жылына 70-120 келі метан газын бөледі екен. Метан құдды карбонат ангидрид (CO2) сынды жылу эффектін шығарушы газ болып есептеледі. Бірақ екеуін салыстыратын болсақ, метанның табиғатқа тигізетін зияны карбонат ангидридтен қарағанда 23 есе көп, яғни бір сиыр жылына табиғатқа бөлетін 100 келі метан газы 2300 келі карбонат ангидридке тең болады. Салыстыру үшін айтатын болсақ, 1000 литр жанармай жағылғанда айналаға сонша (2300) CO2 газ бөлінеді. 1000 литр жанармай дегеніміз – 100 шақырым үшін 8 литр жанармай жағатын көлікпен сіз 12500 шақырым жүре аласыз деген сөз. Немесе шамамен 1000 литр жанармаймен Алматыдан Астана қаласына 5 рет барып келе аласыз. Ал бір көлік осы аралықта айналаға бөлетін метан газын, бір сиыр бір жылда табиғатқа бөле алады.

Т. Раушанұлы