Психологтар душта шомылу кезінде ең жақсы идеялар ойға келетінін анықтады

Психологтар душта шомылу кезінде ең жақсы идеялар ойға келетінін анықтады
Фото: «Ы операциясы және Шуриктің басқа шытырман оқиғалары» фильмінен кадр / ©Getty images

Архимед өзінің әйгілі заңын шомылу кезінде ойлап тапты деген аңыз ғылыми негіздеме алған сияқты. Америкалық ғалымдар «душ эффектісін» зерттеп, неге шомылу кезінде (тіпті жай серуендеуде де) ең жақсы ойлар миға келетіні туралы айтты.

Қызықты іс-әрекеттермен айналысқанда, мысалы, саябақта серуендеу немесе душ қабылдау кезінде біздің санамыз «адасатынын» ғалымдар көптен біледі. Кейбір зерттеулер тіпті мұндай ақыл-ойдың адасуы мен шығармашылық арасында байланыс болуы мүмкін екенін көрсетті. Алайда, кейінгі зерттеулер қарама-қайшы нәтижелер берді: олардың көпшілігі бастапқы қорытындыны қайталай алмады.

Вирджиния және Миннесота (АҚШ) университеттерінің психологтары қайшылықтардың себептерін білдік деп есептейді. Олардың пікірінше, ғалымдар ақыл-ойдың «адасуын» өлшемеген, тек осы немесе басқа эксперименттерге қатысушылардың қаншалықты алаңдағанын бақылаған.

Шығармашылық пен ақыл-ойды алаңдатудың арасындағы байланыс туралы көбірек білу үшін зерттеушілер зерттеуге қатысушылардан кірпіш пен қағаз қыстырғыш сияқты қарапайым, бірақ күнделікті заттарды қолданудың балама түрлерін ойлап табуды сұраған. Осыдан кейін олар екі топқа бөлініп, әрқайсысы әртүрлі бейнероликтерді көріп, тапсырмаларды бір уақытта орындауға тырысқан. Біріншісінде еркектердің кірді жайып жатқаны туралы қызықсыз бейне көрсетілген, ал екіншісінде 1989 жылы «Гарри Саллимен кездескен кезде» фильмінен көрініс көрсетілген.

Қатысушылар көрсеткен нәтижелерді зерттей келе, психологтар ойдың алаңдауы шығармашылық идеялардың пайда болуына көмектесті деген қорытындыға келді. Бірақ үнемі емес, еріктілер қызықты бейнені көрген кезде ғана, ал, іш пыстырарлық дүние көргенде мұндай болмаған. Ғалымдар жұмыстарын Psychology of Aesthetics, Creativity, and the Arts журналында ұсынған.

Т. Раушанұлы