Фрэнк Лэмпард "Лос-Анджелес Гэлакси" клубына ауысуы мүмкін

Фрэнк Лэмпард "Лос-Анджелес Гэлакси" клубына ауысуы мүмкін

Goal.com сайты "Англия құрамасы мен "Челси" клубының 34 жасар футболшысы Фрэнк Лэмпард осы маусым аяқталысымен, АҚШ-тың "Лос-Анджелес Гэлакси" клубына ауысады" деген ақпарат таратты.  

Калифорниялық клубтың бас жаттықтырушысы Брюс Арена да осыған дейін Лэмпардтың ойынына қызығушылық танытып жүргенін бірнеше мәрте айтқан еді. Әзірге клуб тарапынан қандай да бір нақты ақпарат жоқ. 

Фрэнк Лэмпард осы жылы "ақсүйектер" қатарында 14 рет алаңға шығып, қарсыластар қақпасына 7 доп соға алған. Фрэнк қанша қаласа да, клуб қазірдің өзінде онымен келісім-шарт мерзімін ұзартпайтынын айтып отыр. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: chelsearus.com

Б. Қосмағамбет