Қазақстан құрамасы ФИФА-дағы 142-орнын сақтап қалды

Қазақстан құрамасы ФИФА-дағы 142-орнын сақтап қалды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Халықаралық футбол федерациясындағы (ФИФА) ағымдағы 142-орнын сақтап қалды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Ұлттық құрама өткен жылдан бері, бірде-бір орынға жоғары көтеріле алмай отыр. Қазақстанның рейтинг бойынша жақын бәсекелестерінде де өзгеріс айтарлықтай емес. Мирослав Беранек шәкірттерінде қазір 200 ұпай.  

ФИФА түзген рейтингтің алғашқы үштігінде де өзгеріс жоқ. Топ басында бұрынғыдай Испания тұрса, екінші орын Германияда, ал үздік үштікті Аргентина қорытындылап тұр. ФИФА-ның келесі рейтингісі 14 ақпанда жарияланады.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: sport-xl.net

Б. Қосмағамбет