УЕФА-ның жыл құрамы анықталды

УЕФА-ның жыл құрамы анықталды

УЕФА-ның ресми сайтының оқырмандары 2012 жылдың үздік ойыншыларын анықтады. Тізімде Ағылшын премьер лигасында ойнайтын еш ойыншы үздіктер қатарынан табылмады. Есесіне, Испания құрамасының сегіз бірдей ойыншысы үшінші рет еніп отыр. Ал Франция, Германия, Италиядан тізімде бір-бірден ойыншылар бар. Символикалық құрамға “Барселона” мен “Реал” командаларының төрт-төрттен ойынышылары еніпті.

2012 жылғы УЕФА-ның үздіктер құрамы:

Қақпашы: Икер Касильяс («Реал Мадрид»).

Қорғаушылар: Серхио Рамос («Реал Мадрид»), Жерар Пике («Барселона»), Тиаго Силва («Пари Сен Жермен»), Филипп Лам («Бавария»).

Жартылай қорғаушылар: Хави Эрнандес, Андрес Иньеста (екеуі де – «Барселона»), Андреа Пирло («Ювентус»), Месут Өзил («Реал Мадрид»).

Шабуылшылар: Криштиану Роналду («Реал Мадрид»), Лионель Месси («Барселона»).

Айта кетейік, Португалия құрамасы мен мадридтік “Реал” командасының шабуылшысы Криштиану Роналду бұл тізімге жетінші мәрте кіріп отыр. Бұл УЕФА тарихында жыл құрамына енген футболшылардың арасындағы рекордтық көрсеткіш.

Жуық арады жыл командасының капитаны анықталатын болады. Капитан атанған ойыншы УЕФА тарапынан қайырымдылық қорға көмектесу үшін 100 мың еуро алатын болады.

Жалпы УЕФА ресми сайтында үздіктерді 5,3 миллион жанкүйер дауыс беру арқылы анықтаған екен. 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет: eurosport.ru 

Ю. НИКУЛЛИН