"Сити" Марио Балотеллиді 30 миллион еуроға бағалап отыр

"Сити" Марио Балотеллиді 30 миллион еуроға бағалап отыр

"Манчестер сити" футбол клубы атышулы шабуылшы Марио Балотеллиді Италияның "Интер" клубына 30 миллион долларға сатпақ ниетте. 

Дегенмен "Интер" бұл ұсынысқа мардымды жауап айта алмай отыр. Оған себеп-клуб президенті бұған дейін Марионың шатақ мінезіне көне алмайтынын айтқан болатын.

2

Кезінде Марионың дәл осы "Интерден" ағылшын клубына ауысуын кейбіреулер "өз мінезінің кесірінен клуб басшылығымен мәмілеге келе алмауы себепті" деп айтқан еді. Ол аздай, жақында ол "Сити" бапкері Роберто Манчинимен де жаға жыртысып қалды. Соған қарағанда "Сити" де "тентегінен" тезірек құтылудың жолын ойлаған сияқты. 

Не десекте, келісімнің қалай аяқталатыны алдағы аптада белгілі болмақ. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: apllive.ru

Б. Қосмағамбет