Футбол жаңалықтары

Футбол жаңалықтары

Маруан Феллайни «Челси» жейдесін киеді

Лондондық «Челси» командасы «Эвертон» клубының жартылай қорғаушысы Маруан Феллайниді өз қатарларына қосу туралы келісімге келді.

Француздық L’Equipe басылымының айтуынша, 25 жасар бельгиялық ойыншы үшін «ақсүйектер» 27 миллион еуроға шығыдалуға дайын. Ал жеке ойыншы мен команда арасындағы шартнама бес жылға лайықталған. Футболшының айлығы Лондонда 5 миллион еуро болатынын да жазады басылым.

Айта кетсек, Феллайни «Эвертон» сапында Льеждік «Стандарт» командасынан 2008 жылы ауысып келген болатын. Ол осы уақытқа дейін ағылшын біріншілігінде 155 кездесуге қатысып, 29 голдың авторы атанған.

«Челси» сапында бельгиялық ойыншы осы жазда келісім-шарты бітетін Фрэнк Лэмпардтың орнын басады деп жоспарлануда.

Нури Шахин «Боруссияға» қайта оралады

Түркия құрамасының жартылай қорғаушысы Нури Шахин қысқы трансферлік үзілісте өзінің туған командасы дортмундтық «Боруссияға» қайта оралады.

Bild  басылымының хабарлауынша, дортмундтықтар өзінің бұрынғы ойыншысын қайта қатарға қосып алуы мүмкін. Ол үшін команда Иван Перишичтің «Вольфсбургқа» сатылған ақшасын жұмсайды екен. Команданың бас бапкері Юрген Клоптың айтуынша, Шахин командаға келгенімен, оған бірден негізгі құрамнан орын табылмайды. Ол алаңға жиі шығу үшін команда капитаны Себьастьян Кел, Свен Бендер, Илкай Гюндоган және Мориц Ляйтнер секілді ойыншылармен таласатын болады.

Шахиннің қазірде мадридтік «Реал» командасымен 2017 жылға дейінгі келісім-шарты бар. Егер «Боруссия» бұл ойыншы өз қатарларына қосықысы келсе, испандық командаға кем дегенде 15 миллион еуро беру керек.

Кака мен Рональдиньо Ұлттық құрамаға қайта шақыртылды

Бразилия құрамасының жаңа бас бапкері Луис Фелипе Сколари Кака мен Роналдиньоны Ұлттық құрамада қайта ойнатқысы келетінін айтты.

«Футболшының қай чемпионатта жүргеніне қарамаймын, мейлі Еуропада немесе Бразилияда ойнасын. Ең бастысы командаға пайдасын әкелсе болды. Роналдиньо мен Кака секілді шеберлерге Ұлттық құрама есігі әрдайым ашық», – дейді Сколари.

Айта кетейік, Әлемнің бес дүркін чемпиондарының жаттықтырушысы қос жұлдызды 2013 жылғы Конфедерация Кубогында сынап көрмек.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет: eurosport.ru 

Ю. НИКУЛЛИН