Жер бетіндегі дауысы ең зор жан-жануарлар

Жер бетіндегі дауысы ең зор жан-жануарлар
Фото: sobaka.ru

Есту – адамның ең маңызды сезім мүшелерінің бірі. Есту арқылы ақпаратты адам ғана емес, жануарлар да қабылдайды. Дыбыстардың көмегімен олар бір-бірімен байланысады, қауіптің алдын алады немесе олжасын аулайды. Шығаратын дыбыстардың қаттылығы сонша, олар хабарларды су астында және құрлықта ұзақ қашықтыққа жібере алады. Массагет порталы дауысы қатты жан-жануарлар тізімін ұсынады.

Алтын шаян – 200 децибел

Ұзындығы небәрі 6 сантиметр болатын бұл кішкентай су тұрғыны 200 децибел дыбыс шығарады (Салыстыру үшін: адам құлағы ауыратын дыбыс деңгейі 120 децибел). Сонымен қатар, шаян мұны аузының көмегімен емес, тырнағын күшпен шыртылдату арқылы  су астында ауа көпіршіктерін жасайды. Осылай шерту  шаяндардың байланысуына және аң аулауына көмектеседі, өйткені мұндай дыбыс балықты лезде естен тандырады.

Көк кит – 188 децибел

Көк кит әлемдегі ең үлкен тіршілік иесі болса да  дауыс жағынан шаянға жол береді.  Киттің дауысы 188 децибелге жетеді. Біз үшін бұл тіршілік иелерінің су астында өмір сүруі бақыт, әйтпесе құлағымыз мұндай дыбыстарға төтеп бере алмас еді.

Ұзын құлақты жарқанат – 140 децибел

Құрлықта да қатты дыбыс шығаратын жануарлар да көп. Басқа жарқанаттар сияқты, ұзын құлақты жарқанат ауада шарлау және тамақ табу үшін эхолокацияны пайдаланады. Бұл жарқанат тек балық аулайды, сондықтан олардың дыбысы өте қатты – 140 децибелге жетеді. Дыбыс ауаны ғана емес, суды да толқытады. Бұл дыбыс адамдар үшін қауіпті саналмайды, өйткені ол бізге естілмейді.

Какапо тотықұсы – 132 децибел

Ғаламшардағы ең дыбысы қатты жануарлардың келесі өкілі Жаңа Зеландияда. Үкі тәрізді Какапо тотықұсының шығаратын дыбысының күші 132 децибелді құрайды. Бұл тотықұс популяциясына жататын құс ең қатты дауысымен ғана емес, сонымен қатар ірілігімен және ұзақ өмір сүруімен ерекшеленеді. Ересек еркек какапоның салмағы 2 келіден асады, бұл керемет құс 90 жылға дейін өмір сүре алады.

Цикада – 120 децибел

Цикадалар даусы адамға өте таныс, әсіресе жазда осы жәндіктер таңертең әндетіп оятады.

Жасыл және сары Cyclochila australasiae жәндіктердің үлкен түрі өзінің қатты дауысымен ерекшеленеді. Олардың дауысының күші 120 децибелге жетеді. Сондай-ақ, цикадалар қатты дауысының арқасында жаздың алаңсыз күндерінің ерекше символына айналғанын айта кеткен жөн. Кинофильмдерде экрандағы жаз бейнесін "байыту" үшін оның дыбысы жиі қолданылады.

Т. Раушанұлы