Давид Вилья «Арсеналға» ауысады

Давид Вилья «Арсеналға» ауысады

Бірқатар ағылшын баспасы «Барселонаның» шабуылшысы Давид Вильяның «Арсенал» сапына өтуге қызығушылық танытқанын жарыса жазуда.

Өткен кезеңде алған жарақатына байланысты Вилья клубтың негізгі құрамынан шеттетілген болатын. 32 жастағы испандық бұл жағдайына көңілі толмай «Арсенал» клубына өткісі келеді-мыс. Оның айтуы бойынша, саптан кету туралы ойын бас жаттықтырушының өзімен бөліспек екен.  

Бұған дейін Вильяға қызығушылық танытып жүрген комнадалар ретінде «Тоттенхэм», «Челси» және «Ливерпуль» ұсыныс жасаған болатын. Өз кезегінде «Барса» бұған келіспейтін сыңай танытқан.

Қазіргі уақытта «Арсенал» Давидті құрамға алу үшін сап ауыстыру мәселесімен айналысуда. Келісім-шарт бойынша, испандық аптасына – 110 мың фунт (170 мың АҚШ доллары шамасында) табыс көреді екен. «Канонирлер» Марун Шамахты «Вест Хэмге» сатқан болса, ал Йохан Джуруды «Ганноверге» ауыстыру алдында. Бұдан басқа, «Ливерден» Андрей Аршавин мен Себастьян Скиллачи өздеріне жаңа команда іздестіріп жатыр.

«Барселона» Вильяны 15 миллион фунт шамасындағы қаржыға сатады деп күтілуде.

Ал егер Вильяны «Арсенал» өзіне ауыстыра алмаған жағдайда, оның орнына мадридтік «Атлетикодан» Адрин Лопесті алуы да мүмкін болып отыр...

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: barcelonanews.ru

А. Құлтай