Пато "Коринтиансқа" ауысатын болды

Пато "Коринтиансқа" ауысатын болды

"Милан" клубы мен Бразилия құрамасының шабуылшысы Алешандре Пато "Коринтианспен" клубқа ауысу жөніндегі келісімге қол қойды. Келісім-шарт бойынша, бразилиялық клуб "Миланға" 15 миллион доллар төлейтін болады. Пато клубпен 4 жылға келісім-шартқа отырған екен. Оның клубтағы нөмірі - 7. 

2007 жылы "Миланға" ауысқан Пато 150 матчқа қатысып, 63 гол соға алған. Осы уақыт аралығында ол Италия біріншілігі мен суперкубогын ұтып алған. 2009 жылы Golden Boy және А Сериясының үздік жас ойыншысы деген атақтарға ие болды. 

Патодан бөлек, жақын арада тағы да бір бразилиялық ойыншы Робиньо өз отанына оралады деген сыбыс тарады. Оның өнеріне "Сантос" клубы қызығушылық танытып отырған көрінеді. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: sport-xl.net

Б. Қосмағамбет