2013 жылғы футболдан Қазақстан біріншілігіне 12 клуб қатыспақ

2013 жылғы футболдан Қазақстан біріншілігіне 12 клуб қатыспақ

Қазақстанның 2013 жылғы футбол маусымына 12 клуб қатысатын болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Аталған шешім Қазақстан футбол Федерациясының атқарушы комитетінің кезекті отырысында қабылданды. 

Біріншілікке қызылордалық "Қайсар" клубы қаржылық жағдайының мүшкіл болуына байланысты жіберілмей отыр. Сондай-ақ 12 клуб қатарына бірінші лига чемпионы "Іле-Сәулет" клубы да жеке ішкі қиындықтарына байланысты кірмей қалды. Бірақ федерация оған бірінші лигада ойнауға мүмкіндік берді. Ал осы біріншілікте екінші орын алған "Востоктың" жолы болды. Клуб осы жылы жалауын көтеретін Қазақстан біріншілігіне жолдама алып отыр.  

Сонымен осы маусымда Қазақстан біріншілігінде өнер көрсететін 12 клуб төмендегідей:

 1. "Шахтер" (Қарағанды)

2. "Ертіс" (Павлодар)

3. "Ақтөбе" (Ақтөбе)

4. "Тараз" (Тараз)

5. "Астана" (Астана)

6. "Тобыл" (Қостанай)

7. "Ордабасы" (Шымкент)

8. "Ақжайық" (Орал)

9. "Қайрат" (Алматы)

10. "Атырау" (Атырау)

11. "Жетісу" (Талдықорған)

12. "Восток" (Өскемен)

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: prosportkz.kz

Б. Қосмағамбет