Әлемдегі біртүрлі "қоқыс зираттары"

Әлемдегі біртүрлі "қоқыс зираттары"

Орташа қаланың әрбір тұрғыны табиғатқа жылына 500 келіге жуық қалдық шығарады. Қалдықтардың кейбір түрлері қайта өңдеуге жіберіледі, бірақ олардың көпшілігі полигондарға төгіледі. Пластик бөтелкелер, жапсырмалар және басқа да лақтырылған заттар әр ірі қалада қоқыс үйіндісіне айналып, жылдар бойы шірімей жата береді.

Сондай-ақ бүкіл әлемде адамдарды таң қалдыру үшін ескі техникалық құралдар мен әдеттен тыс заттар тасталатын "қоқыс зираттары" бар. Бұл жерлер шынымен де біртүрлі затарға толы.  Солардың бірнешеуін тізімдеп көрдік.

Лас-Вегастағы неон зираты

Казинолар мен басқа да ойын-сауық орындары орналасқан және ондағы ашық түсті неон шамдар Лас-Вегастың символы.  Невада штатының осы аймағында 1996 жылдары  неон шамдары зираты пайда болды. Шамамен 1,2 гектар аумақты алып жатқан қалдықтар өте таза сақталады. Себебі, туристерге бір кездері неон шамдары жарқырап жанып тұрған автотұрақ, ойынхана және басқа да мекемелерді көру үшін билеттер сатылады.

Таксафон зираты

Лондонның символдарының бірі –  ағылшын қызыл телефон дүңгіршектерінің қандай болғанын жазған едік. Ұлыбританияда ескі кабиналар төгілетін кем дегенде екі полигон бар. Олардың бірі 80 жастағы Майк Шорске тиесілі. Шорс өмірінің көп бөлігін сынған таксофондар жинаумен өткізген. Осындай заттар жиналатын бұл қоқыс үйіндісі адамды үрейленеді.  Мұнда тіпті қорқынышты фильмдерді де түсіруге болады.

Велосипедтер зираты

Амстердам тұрғындарының саны 800 мыңнан асқанымен мұндағы қос дөңгелекті көліктің саны миллионға жуық. Қалада ескірген велосипедтерді жинайтын “Fietsdepot” атты арнайы орны бар. Бастапқыда әрбір велосипед үшін нөмір мен таңбаны көрсететін құжат жасалған. Мұнда әкелінген волисепидтерді полицейлер ұрланғанын немесе іздестіріліп жатқанын тексереді. Егер ұрланған болса велосипедтер иелеріне қайтарылды, ал қалғандары аукцион арқылы сатылады немесе металл сынықтарына тапсырылады.

Автокөлік дөңгелектерінің зираты

Ирак пен Сауд Арабиясының шекарасында орналасқан Кувейт әлемдегі шина қалдықтарының ең үлкен қорына ие. Бұл зиратта жеті миллионға жуық ескі дөңгелектер бар және олардың саны күннен-күнге артып келеді. Полигонның үлкендігі сонша, оны тіпті спутниктен түсірілген суреттерден де көруге болады. Бұл жер ғарыштан алып қара дақ сияқты көрінеді. Олар ауаға көптеген зиянды у таратады. Кувейтте соңғы рет 2021 жылы шина төгетін орын өртенген.

Пойыздар зираты

Адамдарға ұзақ қашықтыққа жылдам жүруге мүмкіндік берген тұңғыш көлікті әлі күнге дейін бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдар пайдаланады. Жылдар бойы жиналған ескі пойыздар мен вагондардың зираттары көп мемлекетте кездеседі. Соның бірі – Нордлингендегі пойыз зираты (Бавария, Германия). Ол Еуропадағы ескі локомотивтерді сақтайтын ең танымал орындардың бірі. Нордлинген станциясы 1849 жылы салынған және Людвиг темір жолындағы ең маңызды көлік және жөндеу тораптарының біріне айналды, бұл Бавария патшалығындағы ең ұзын бағыт.

Соңғы паровоз 1966 жылы Нордлингенге тоқтады. Бавария зиратындағы кейбір пойыздар жергілікті мұражай үшін жөнделіп, қалпына келтірілген.

Аты аңызға айналған локомотивтердің балқыту пештерінде жіберілмеуі үшін жергілікті теміржолшылар вокзалдағы бұрынғы шеберханаларда нағыз ашық аспан астындағы мұражай жасады.

А. Оралқызы