Яя Туре екінші рет Aфриканың үздік футболшысы атанды

Яя Туре екінші рет Aфриканың үздік футболшысы атанды

Кот-д'Ивуар құрамасы мен «Манчестер Сити» командасының жартылай қорғаушысы Яя Туре екінші мәрте Африка құрлығының үздік футболшысы атанып отыр.

Бұл туралы кеше Аккра қаласында өткен Африка футбол конференциясы барысында мәлім болды. Дауыс берудің қорытындысы бойынша, екінші орынды аспан асты елінде «Шанхай Шеньхуа» командасының намысын қорғап жүрген Дидье Дрогба алды. Үшінші сатыға камерун және «Барселона» командасының жартылай қорғаушысы Александр Сонг орналасқан.

Айта кетсек, Яя Туре 2012 жылы ұлттық құрамасымен Африка біріншілігінің финалына дейін жеткен. Сонымен қатар «Манчестер Сити» командасымен ағылшын біріншілігінде чемпион атанған.  

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: eurosport.ru

Ю. НИКУЛЛИН