Ибрагимович:"Месси "Алтын допқа" лайықты!"

Ибрагимович:"Месси "Алтын допқа" лайықты!"

«ПСЖ» командасының шабуылшысы Златан Ибрагимович "Алтын допқа" иелік етуде Мессидің анық фаворит екенін айтты.

"Месси - әлемнің ең үздік ойыншысы. Өз кезегінде "Алтын допты" бірнеше рет ұтып алса да, бұл жолы да нағыз жүйрік әрі лайықты деп санаймын. Ол ойынға шыққанда "Play Station" ойынын қарап отырғандай әсерде қаласың. Ол керемет һәм ғажап ойнайды. Ал адамдардың бұл турасында теріс пікір білдіруі (Мессиді жақтырмауы) екі-ақ нәрсені аңғартады: не олар футбол туралы түк те білмейді; не олар ұшқары кеткен", - деп Ибрагимович goal.com сайтына берген сұхбатында мәлімдеді.

Сонымен қатар Златан барлық уақыттың ең үздік футболшысы деп Зинедин Зиданды атады.

"Зидан алаңға шыққанда әріптестері өздерін жақсы сезініп қалатын. Бұл таңғажайып болатын. Ол сегіз қырлы ойыншы еді. Тіпті, кейде бөгде планеталық болып көрінетін. Оған ұқсас ойыншы туарын енді білмеймін", - деп сөз соңында айта кетті.

"Алтын доптың" иегері 7 қаңтар күні Цюрих қаласында белгілі болады.

сурет:sportszotar.blog.nepsport.hu

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига