Қазақ футболында алғаш рет VAR жүйесі қолданылды

Қазақ футболында алғаш рет VAR жүйесі қолданылды
Фото: ©ФК "Шахтер"

Қазақ футболында алғаш рет VAR жүйесі (видеоқайталау) қолданылды. Төреші Қазақстан кубогының жартылай финалындағы "Шахтер" мен "Тобыл" ойынында видеоқайталауға жүгінді.

Ойынның 14-минутында қарағандылық клубтың қорғаушысы Давид Атанаскоски алаң сыртынан шиіре теуіп тамаша гол соқты. Бұл голдан кейін бас төреші VAR жүйесіне жүгінді. Видеоқайталаудан кейін голды есепке алды.

Кездесуде "кеншілер" 5:2 есебімен жеңіске жетті. Қарымта ойын 21 қараша күні Көкшетауда өтеді.

Н. Үсенова