Сабақты нашар оқыған атақты адамдар

Сабақты нашар оқыған атақты адамдар

Балалардың мектептегі үздік бағасы ата -аналардың мақтанышы екенін ешкім жоққа шығармайды. Олардың болашағынан мектеп ұжымы да үлкен үміт күтеді. Алайда, кейде сабақты нашар оқығандар,  үлгерімі төмен оқушылар өмірде үлкен жетістіктер мен табысқа жеткен жағдайлар кездеседі. Массагет порталы мектеп кезінде нашар оқып, үлгерімі төмен болған атақты адамдардың тізімін ұсынады.

Уинстон Черчилль

Әдебиет саласындағы "Нобель" сыйлығын алған саясаткер

Уинстон Черчилль – британияық мемлекет және қоғам қайраткері.  Отбасының тұңғышы, мектепте сабақ оқуға онша қызығушылық танытпаған. Мұғалімдері баланың дарынды екенін де жоққа шығармайды. Себебі, олар балалардың түсінуі қиын шығармаларын Черчилльдің жиі оқып жүргенін көретін. Черчилль мектепте белсенді оқушы болмаған. Соған қарамастан, әдебиет бойынша Нобель сыйлығын Черчилль алды.

Сергей Королев

КСРО ғарышкерлері Айға неге ұшпады?

Өткен ғасырдың 60-жылдары АҚШ пен Кеңес Одағы арасында ғарышты игеруге бәсеке жүрді. Сол кезде Кеңес зымырандары айтулы ғалым Сергей Королёвтің басшылығымен ұшырылды. Бірақ ол мектепте қарапайым үштік бағамен оқыған екен.  Кейіннен ол Кеңес ғалымы, зымыран және ғарыштық жүйелердің конструкторы, КСРО бас конструкторлары кеңесінің төрағасы, КСРО Ғылым академиясының академигі атанды.

Исаак Ньютон

Ағылшын физигі, математигі, механигі һәм астрономы, классикалық физиканың негізін қалаушылардың бірі Исаак Ньютон өз сыныбындағы ең бұзық бала атанған. Бір күні ол мектепте төбелесіп, жеңіліп қалған. Осыдан кейін Ньютон қарсыласын тек білектің емес білімнің күшімен жеңуге шешім қабылдаған. Бұл шешімі дұрыс болып, көп ұзамай ол үлгерімі нашар оқушыдан сыныптағы үздік оқушыға айналған екен.

Наполеон Бонапарт

1804-1815 жылдардағы Франция императоры, қазіргі француз мемлекетінің негізін қалаушы, қолбасшы және мемлекет қайраткері – Наполеон мектепте тек математиканы жақсы көретін. Басқа сабақтар оған қиынға соққан көрінеді.

Людвиг ван Бетховен

Людвиг ван Бетховен, классикалық музыканың ірі қайраткері және әлемде музыкасы ең көп орындалатын композиторлардың бірі. Ол сабақ оқымақ түгілі мектепке баруды ұнатпаған екен.  Музыкант математика мен басқа да сабақтарды мүлде оқымаған. Бірақ фортепиано, скрипканы сиықты музыкалық аспаптарда шебер ойнаған. Жеті жасында ол өзінің алғашқы концертін берді.

Александр Пушкин

Орыс ақыны, драматург, әдебиет теоретигі мен әдебиеттанушы, тарихшы, публицист және журналист, ХІХ ғасырдың ең ықпалды жазушыларының бірі – Александр Пушкин лицейде оқыған. Ақын сабақтарды нашар оқыған себепті мұғалымдері ата-анасы жиі шағымданған екен.

Антон Чехов

Әлем әдебиетінің классик жазушыларының бірі, академик және дәрігер, әлемдегі әйгілі драматургтердің бірі – Антон Чеховтың шығармалары қазір мектепте оқытылады. Бірақ әйгілі әңгімелердің авторы бір сыныпта екі рет қалғанын бәрі біле бермейді.

Томас Эдисон

Атақты өнертапқыш Томас Эдисонды мектеп мұғалімдері ақыл-есі кем деп есептеген. Ол бірінші сыныпта төрт ай оқыған соң, мұғалімдер анасына осындай сөздер айтқан. Кейін анасы баланы мектептен шығарып, өзі оқытқан. Уақыт өте келе  мектеп қабылдамаған адам фонографты (барлық дыбыс жазу құрылғыларының атасы) ойлап тауып, қыздыру шамын, телефон мен телеграфты жетілдірді.

Ричард Брэнсон

Адам ғарышқа жақындай түсті: Ричард Брэнсон ғарышқа жеке ұшақпен ұшқан алғашқы адам атанды

Құрамында әр түрлі саладағы 400-ге жуық компания бар Virgin Group компаниясының негізін қалаушы Ричард Брэнсон бала кезінен өзінің тұйықтығы және ұяңдығымен  ерекшеленген. Мектеп тақтасының алдында сабақ айтпақ түгіл, қатты қобалжып, тіпті кекештенетін болған. Бірақ сабақ үлгерімінің нашарлығы өмірде  оған мультимиллионер атанып, ғарышқа өз зымыранымен ұшуға кедергі келтірмеді.

Т. Раушанұлы