Қазақстанда Конституция есімді қанша адам бар?

Қазақстанда Конституция деген бір әйел тұрады. Сонымен қатар, Ұлттық статистика бюросы сайтының мәліметтеріне сәйкес, 28 адамның аты Қасым-Жомарт, 40 мыңнан аса адамға Нұрсұлтан есімі берілген.

Елде бір ғана әйелдің есімі – Конституция.

Ұлттық статистика бюросының деректер базасына сәйкес, Конституция 59 жаста, Жамбыл облысында тұрады.

Деректерді ведомство сервисінен көруге болады. 

Сайттағы сауалнаманы толтырып, Қазақстанда қанша адамның аты-жөні, жасы, жынысы және ұлты ұқсас екенін біле аласыз. 

Конституция 1961 жылдың екінші жартысында немесе 1962 жылдың бірінші жартысында дүниеге келген, сондықтан бұл есімнің 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституция күнімен еш қатысы жоқ деп болжауға болады.

Айта кетейік, Нұрсұлтан деген ұлдар мен ерлердің саны 40 мыңнан асады.

Қазақстанның екінші президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың есімі 28 адамға қойылған.